Алматыда Армениядан әкелінген көліктерді тіркеу үшін демалыс күндері екі арнайы ХҚО жұмыс істейді

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Алматыда Армениядан әкелінген көліктерді тіркеу үшін мереке күндері екі арнайы халыққа қызмет көрсету орталығы жұмыс істейді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Алматы қалалық әкімшілік полиция басқармасы Армения Республикасынан әкелінген автокөліктерді тіркеу үшін «Саялы» ықшамауданы, Ақ-Қайнар көшесі №1 үй және Майлин көшесі, №85 үй мекенжайы бойынша орналасқан екі арнайы ХҚО-ның 30 және 31 тамызда жұмыс істейтіндігін хабарлайды» делінген полиция таратқан ақпаратта.

Еске салайық, Армения Республикасынан 2020 жылдың 1 ақпанына дейін кіргізілген көліктерді тіркеу мерзімі 1 қыркүйекте аяқталады.