Төтенше жағдай Момышұлы-Ақын Сара көшелерінің қиылысында болған.
Мамандардың айтуынша, диаметрі 1 000 мм болатын құбыр жарылып, жолды су басқан. Соған байланысты қалалық қызметтер аталған жол аймағын уақытша жөндеу жұмыстарына жапты.
Ал қалаға кіретін жол аймағы ішінара ашық тұр.
«Аталған уческедегі құбыр 1980 жылдан бері қолданылып келген. Апат су құбырының тозуынан болған. Қазір аталған жерде арнайы ХҚКО бағытында жол қозғалысы шектелді. Жөндеу жұмыстарына «Алматы су» МКК-ның 60 маманы жұмылдырылды», - деді баспасөз қызметінен.
Жарылған құбыр бірнеше сағат ішінде ауыстырылды. Ал жол учаскесі гидравликалық сынақтардан соң ашылады.