«Қалада террористерге қарсы арнайы операция басталды. Әуежай босатылды. Қазір ол штатты режимге ауыстырыла басталды», - деді Ержан Бабақұмаров журналистерге.
Бұған дейін Алматы комендантурасы қалада лаңкестікке қарсы арнайы операция басталғанын жариялады.
Ал, Қасым-Жомарт Тоқаев Қауіпсіздік кеңесінің отырысында бүлікшілердің шетелде үлкен дайындықтан өткен халықаралық террористер екенін мәлімдеді.
Мемлекет басшысы Алматы қаласында 5 қаңтардағы сағат 01:30-дан 2022 жылғы 19 қаңтардың сағат 00:00 кезеңі аралығында төтенше жағдай енгізу туралы Жарлыққа қол қойды.