ҚР ІІМ ресми өкілі Алмас Сәдубаевтың айтуынша, Алматыда арнайы операция барысында ІІД ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері 18 жастағы қызды босатып, үйіне қайтарды. Қылмыс 9 тамызда болған. Белгісіз біреулер алдын ала ымыраласа келе қару кезене отырып, қыздың үйіне кіріп барған. Шабуыл салдарынан қыздың туысқаны жарақат алған», - деді ол.
ҚР ІІМ өкілі хабарлағандай, қазір күдікті ұсталды. Сотқа дейінгі тергеу амалдары жүріп жатыр.
Айта кету керек, Алматы полициясы бірнеше күннен бері қалада ауқымды рейд шараларын өткізуде.