Алматыда арнайы орынға есірткі жасырмақ болған екі жігітті полиция ұстады

Фото: None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Алматылық полицейлер есірткі жасырушыларды ұстады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Әуезов ауданының патрульдік полицейлері тұрғын үй аулаларын аралау кезінде екі күдіктіні байқаған. Олар алдымен жер қазып жатқандай кейіп танытқанымен қимылдарды күдік тудырды.

«Патрульдік көлік жақындай бастаған кезде, күдіктілер қаша жөнелген. Алайда, тәртіп сақшылары оларды ұстады. Күдіктілерді тексеру кезінде қалтасынан есірткі орамдары түсіп қалған. Ұсталған – 18 жастағы О. есімді азаматтың киімінің қалтасынан полиэтилен пакетке оралған 30 өсімдік тектес зат табылды, оның досы – 17 жастағы М. есімді азаматтан осыған ұқсас 20 пакет тәркіленді», – деді Әуезов аудандық полиция басқармасының басшысы Ұлан Әбілқайыр.

Тәркіленген заттар сот-химиялық сараптамаға жіберілді.

Қазіргі уақытта барлық қажетті тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр.


Соңғы жаңалықтар