«Алматы қалалық полиция департаменті Наурызбай аудандық полиция басқармасының қызметкерлері полицияның арнайы жасақтарының көмегімен ҚР ҚК-нің 190-бабы 4-бөлігінде көзделген қылмысты жасады деген күдікпен 1971 жылы туған Ч. есімді азаматты ұстағанын хабарлайды.
Тергеу әрекеттерін жүргізу үшін күдікті Наурызбай аудандық ПБ-на жеткізілді» делінген хабарламада.
Сотқа дейінгі тергеу жалғасуда.
23:10, 26 Тамыз 2023
Алматыда арнайы жасақ әккі алаяқ деген күдікпен ер адамды ұстады
АСТАНА. ҚазАқпарат - Алматыда арнайы жасақ алаяқтық жасады деген күдікпен 1971 жылы туған Ч. есімді азаматты ұстады, деп хабарлайды ҚР ІІМ баспасөз қызметі.