Алматыда арнайы жасақтың көмегімен пәтер тонаушылар ұсталды

Фото: None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Алматыда бөтеннің мүлкін тонау ісін әшкерелеу бөлімінің қызметкерлері «Арлан» арнайы жасағымен бірлесіп қылмыстық топты құрықтады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Алматы полиция департаменті топтың 5 мүшесі де30-38 жас аралығындағы Шығыс Қазақстан облысының тумалары екенін хабарлады.Олар Алматыға қылмыс істеу мақсатымен келген.

«Олардың әрқайсысы бұрын бөтеннің мүлкінұрлағаны үшін бірнеше рет қылмыстық жауапқа тартылған. Тонаушылар тобыжерлестер қағидасымен құрылып, мегаполиске пәтерлер мен үйлерді тонау үшінкелген. Олардың әрқайсысының өз рөлі болған. Қылмыскерлер үй иелері жоқтаолардың баспаналарына жасырын кіріп, ақшалай қаражаттары мен құнды заттарын,алтын бұйымдар, қол сағаттары, планшеттер және т.б. алып кеткен.Жедел-іздестіру шаралары барысында барлық қылмыскер ұсталды. Қазіргі уақыттаолардың қалада болған 6 іске қатысы бары дәлелденді. Ұсталғандардың барлығыуақытша ұстау оқшаулағышына қамалды. Тергеу жүріп жатыр», - деді Алматы полициядепартаменті криминалдық полиция басқармасының бастығы полиция подполковнигіЕсен Ысқақов.

Автор: Еламан Тұрысбеков

Соңғы жаңалықтар