«Оқиға орнына ҚР ҚК Аэромобильді күштері 61993 әскери бөліміндегі инженерлік қызмет бастығы, капитан С.Әбілдаев келіп, металл қабылдау пунктінде 2013 жылдан бері жатқан жарылғыш қаупі жоқ артиллериялық және танктің түрлі калибрдегі 500-ден астам атылған гильзаларын анықтады», - делінген ҚР Қорғаныс министрлігі баспасөз қызметінің ресми түсініктемесінде.
Хабарланып отырғандай, гильзаларды жою үшін «Іле» полигонына апару жоспарланып отыр.