Алматыда артқа жүрген той кортежінің жүргізушілері жазаланды

Фото: None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Алматыдағы Әл-Фараби даңғылымен арт жағымен жүрген той кортежінің қатысушылары жауапқа тартылды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі Алматы қаласының полиция департаментіне сілтеме жасап.

Бұған дейін әлеуметтік желіде кортежгеқатысқан көліктердің бірі алдыңғы мемлекеттік нөмірсіз артымен жүргенібейнеленген видео тараған еді.

«Бейнематериалдан белгілі болғандай, олар жолережелерін бұзатындықтарын біліп, нөмірлік белгілерін шешіп тастаған. Mercedes-Benz-тің1995 жылғы жүргізушісі тіпті жалған нөмір салып алып көлікті жүргізген, ал BMWавтокөлігінің 1999 жылғы жүргізушісі арт жағымен жүріп, алдыңғы мемлекеттікнөмірі жоқ басқа көліктердің қозғалысына кедергі келтірген. Кез келген көлікжүргізушісі бұл жол жүру ережесін қатаң бұзу екенін түсінеді. Сондай-ақ,инспекторлар өзге де әкімшілік заңсыздықтарды анықтады. Артынан бірнеше хаттаматолтырылатынын, сонысымен желіде теріс жағынан танымал болатынын біле тұра,осындай әрекетке баратын жас жігіттердің ісін түсіну қиын. Тіпті айыппұлдардытөлегеннен кейін де барлығы мағлұматтар базасында қалып қояды. Ал құжаттардыңкелесі тексерісі кезінде мұндай адам инспектордың көзіне жол қауіпсіздігінбұзушы ретінде көрінеді», - деді Алматы полиция департаменті Әкімшілік полициябасқармасы патрульдік полициясының мамандандырылған батальонының командирі,полиция подполковнигі Серікжан Әбжанов.

Мамандандырылған батальон командирініңайтуынша, ереже бұзғандармен құқықтық түсіндіру жұмысы жүргізілген. Олардыңавтокөліктері мамандандырылған тұрақта тұр. Mercedes-Benz жүргізушісі 1 жылға дейін көлікайдау құқығынан айырылуы мүмкін. Іс материалдары шешім қабылдау үшін МАӘС-гежіберілді.

Соңғы жаңалықтар