Алматыда арық желілері қар мен мұздан тазартылып жатыр

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат- Алматыда аудан әкімдіктерінің мердігер кәсіпорындары арық желілерін жаппай тазарту жұмыстарын бастады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Алматы әкімдігі таратқан ақпаратқа сәйкес, жоспарланған 1329 шақырым арық желісінің 626 шақырымы қардан, мұздан, лай мен қоқыстан тазартылды. Күн сайын 82 бірлік техника және 299 жұмысшы жұмылдырылуда. Тазарту жұмыстары 25-28 ақпанда аяқталады.
Қала аумағында барлығы 1525 шақырым арық желісі бар.
Бұрыннан белгілі, Алматы қаласы бойынша су басудың негізгі факторы арық желісі жаңбыр мен еріген су ағынына қарсы тұра алмайды, ал коллекторлық-дренаж жүйесі мүлдем жоқ. Сондай-ақ нөсер желілері де жоқ, коллекторлар мен арықтар қоқыстармен бітеліп қалған, кәрізге қосылмаған.


«Су тасқынын жою мақсатында қала әкімінің тапсырмасы бойынша экология және қоршаған орта басқармасы Алматыда жауын-шашын кезінде үнемі су басып қалатын учаскелерге талдау жүргізді. Нәтижесінде барлығы 102 аймақ анықталды, оның ішінде 56 учаскені су басып қалуы мүмкін. Сондықтан апатты қалпына келтіру жұмыстарын дереу жүргізу қажет. 56 учаскедегі су тасқынын жою мәселелерін шешу үшін 12 коллектор мен 4 арна (реконструкциялау және салу) қалпына келтірілуі тиіс. Қала бойынша 2022 жылы апатты қалпына келтіру жұмыстары аясында 72 учаскеде жұмыстар басталды. Оның ішінде бүгінде 63 учаскедегі жұмыстар аяқталды (89%)»,- делінген әкімдік таратқан хабарламада.
Аталған жұмыстар аясында ұзындығы 18,7 шақырым 12 су бұру коллекторы қалпына келтірілді, жалпы ұзындығы 11,2 шақырым 8 канал салынды және 2 канал жөнделді.
«Сонымен қатар 7 км арық желілері қайта жаңартылды және салынды, 15 құбырлы өткел реконструкцияланды, 1,4 км өзен арналарының жағалауы күшейтілді. Жалпы жұмыстардың 89%-ы орындалды. 2022 жылдың күзгі кезеңінде жүргізілген жұмыстардың қорытындысы бойынша аталған учаскелерде су тасқыны тіркелген жоқ»,- жоқ деп атап өтті қалалық әкімдіктің баспасөз қызметінен.