деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Алматы қаласы бойынша Кедендік бақылау департаментінің «Жетісу» кеден бекеті мен контрабандамен күрес басқармасының қызметкерлері тексеру барысында одан шамамен жарты миллион долларға бағаланатын аса құнды әшекей бұйымдары мен бағалы сағаттарды тәркіледі.
Қазіргі кезде бұйымдар сараптама жұмыстарынан өткізілуде. Қылмыстық іс қозғау мәселелері де шешілуде. Үстіміздегі жылдың басынан бері зергерлік бұйымдарға байланысты 3 және экономикалық контрабандаға қатысты 4 дерек бойынша қылмыстық істер қозғалып, анықтамалық шаралар жүргізілуде, деп хабарлайды Алматы қаласы бойынша КБД-нің баспасөз-қызметі.