Естеріңізге сала кетейік, 2009 жылғы қаңтардың 1-і күні Талдықорғанда «Рыбачинские» қылмыстық тобының 2 мүшесіне қастандық жасалған еді. Оның бірі 22 жасар Ж. оқиға орнында өлсе, 24 жасар оның серігін дәрігерлер құтқарған болатын.
«Күдікті шетелдік тапаншаны қолданған. Осы уақытқа дейін Қазақстанның әр қаласында бой тасалап жүрген. Өткен аптаның соңында біз күдіктінің Алматыға келіп, жалған аты-жөнмен пәтер жалдағаны туралы ақпарат алдық. Оны ұстау түн ішінде, күдікті түнгі клубтан шығып келе жатқан кезінде жүзеге асырылды», дейді қалалық ІІД-нің ұйымдасқан қылмыспен күрес басқармасының бастығы, полиция полковнигі Валерий Козлов. Оның айтуынша, күдіктінің ұсталғаны туралы Алматы облысындағы әріптестеріне хабар берілген. Жақын күндері күдікті Талдықорғанға жеткізіліп, қылмыстық іс қозғалады. «Күдіктіні ұстау біздің басқарма мен есірткі бизнесімен күрес басқармасы, Жол полициясы басқармасының бірлесе қимылдауымн жүзеге асырылды», дейді В.Козлов.