Алматыда асхана өртеніп 18 газ баллоны сыртқа шығарылды

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда Тұрғыт Озал көшесіндегі асхана өртенді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі қалалық ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ТЖД ресми өкілі Сандуғаш Баймұхамбетованың айтуынша, өрт туралы хабарлама сағат 13:33-те түскен.

"Парадайс" асханасының ас үйінде тұтанған өрт жалыны жапсарлас орналасқан үйлерді шарпи бастаған.

Өртті сөндіру кезінде 50 литрлік 18 газ баллоны сыртқа шығарылды.

Қызыл жалын 150 шаршы метрді шарпыды. Өрт сөндірушілер тілсіз жауды сағат 14:11-де өшірді.

Төтенше жағдай салдарынан зардап шеккендер жоқ.