Ол 2014 жылдың 31мамырына дейін созылады. Онда жаңа оқу курсы қалалық мәдениет басқармасының қаржылай қолдауымен жүргізілмек. Алматының ашық әдебиет мектебінің тыңдаушылары мәртебесін түрлі шығармашылық байқаулардың жеңімпаздары атанған 50-ден астам жазушы, ақын, драматург иеленіп отыр. Онда дәрістер әрбір сенбі күндері 10-нан 18.00-ге дейін жүргізілетін болады. Курс бағдарламасына стилистика; әдебиет тарихы мен теориясы; өнер, кино және драматургия тарихы; шығармашылық психологиясы сияқты дәрістер мен тәжірибелік сабақтар енгізілген. Мектепте қазақстандық әйгілі филологтар, өнертанушылар, әдебиетшілер оқытушылық қызмет жасамақ. Сондай-ақ жыл бойы шетелдік жазушылардың шеберлік-дәрістері де өтеді деп жоспарланып отыр.
17:00, 05 Қазан 2013
Алматыда ашық әдебиет мектебінде жаңа оқу жылы басталды
АЛМАТЫ. 5 қазан. ҚазАқпарат - Бүгін Алматыдағы Сапарғали Бегалин атындағы балалар кітапханасында Алматының ашық әдебиет мектебінің жаңа оқу жылының ашылу рәсімі өтті.