Қатардағы сарбаз, 19 жастағы Атырау облысының тумасы Бозбанов Жанболат 21 қаңтарда № 21450 әскери бөлімінен өз еркімен белгісіз жаққа шығып кетіп, қайтып оралмаған.
Қазір оның қайда екендігі белгісіз. Жігіттің бойы 175-180 см, үстінде камуфляжды киім, қысқы әскери бас киім.
Алматы әскери полициясы бұл жігітті көрген-білген адамдар болса Алматы қаласы, Некрасов көшесі 32 «а», 050028, мекенжайына немесе 290-78-41, 290-78-32 телефондарына хабарласуларын сұрайды.