Құрлық әскерлері Әскери институтының баспасөз қызметінің мәліметінше, ЖОО төртінші курс курсанты Мейрамбек Найсекенов кезекшілік кезінде «Алтын Орда» маңында өзіне қол жұмсағысы келген бойжеткенді құтқарып қалды.
«Қараңғыда көпірден секірмек болған қыздың сұлбасын байқап қалған курсант ойланбастан құтқаруға ұмтылады. Ол әйелдің қолынан ұстап, көпірдің сыртқы тіреуінен шығарып, қауіпсіз жерге апарады. Кейін өзінің қолбасшысына хабар беріп, қызды тыныштандыруға тырысқан» - деп хабарлайды оқу орнынын баспасөз қызметі.
Белгілі болғандай, бойжеткен мұндай қадамға жігітімен ұрсысып қалғандықтан барған. Ол курсант Мейрамбек Найсекеновтің батыл әрекетінің арқасында аман қалды.