Алматы қаласы Наурызбай аудандық Полиция басқармасы әскери қызметшілердің атын жамылып, алаяқтық жасап жүрген адам туралы ескертті.
Құқық бұзушы алдымен өзінің жұмыс бабымен өзге қалаға ауысқалы жатқанын айтып, түрлі тұрмыстық техника мен заттарын сататыны туралы жарнама береді. Сатып алушылар табылғанда оларға сатылатын заттардың ақшасын толық аудартады. Күдік тудырмау үшін ол заттарды сатып алушыға өзінің әскери кимімен түскен суреті мен құжаттарын жібереді.
«Аталған алаяққа алданып қалғандар саны тек Алматының өзінде 10 адамды құрап отыр», – деді Алматы қаласы Наурызбай аудандық Полиция басқармасының бастығы Данияр Меңдебаев.
Фото: polisia.kz