Бұл туралы ҚР ІІМ Ішкі әскерінің баспасөз қызметі хабарлады.
Екі жасар қыздың апасы сіңлісінің жолға шығып кеткенін аңғармай қалды. Мұздақ басқан асфальтта зулап келе жатқан машинаны қыз бала байқамады. Сол арада кетіп бара жатқан Ішкі әскерлер алматылық полкінің жауынгері аға сержант Мейрамбек Бердібаев жедел көмекке ұмтылды.
- Қатты жылдамдықпен келе жатқан машина төніп қалған болатын. Қалай үлгергеніме өзім де әлі сенбеймін, - деп әсерімен бөлісті Мейрамбек.
Куәгерлердің айтуынша, Мейрамбек шұғыл жетіп, баланы машина жеткенше лезде қағып алған. Екеуі де жанталаса құлаған сәтте қыз бала зардап шеккен жоқ, Мейрамбек аяғын қатты ауыртып алды. Ренгеннен кейін ғана ол оң аяғының тобығын жаралап алғанын білді.
Баланы қағып кетуге шақ қалған шетелдік машина жүргізушісі оқиға орнын ізін суытты. Сол кезде келіп жеткен қыздың анасы баласын ажалдан құтқарғаны үшін Мейрамбекке алғысын жаудырды.
Қазіргі кезде Мейрамбек сауығып келеді. Өңірлік қолбасшылық басшылығы әскери қызметшіні көтермелеу мәселесін шешумен айналысуда.