Аталған шараға Алматы қаласының әкімі Ахметжан Есімов, Алматының өңірлік гарнизоны, Қазақстан Республикасының генералдар кеңесі, Ауған соғысының ардагерлері, саяси партиялар мен ҮЕҰ-дар және жастар ұйымдарының өкілдері қатысады.
Гүл шоқтарын қою рәсімі аяқталған соң Алматы өңірлік гарнизоны әскери бөлімдерінің плац-шеруі мен түрлі әскери бөлімдер өкілдерінің салтанатты шеру болады.
Бұл ақпарат «Алаш айнасы» газетінің сенбілік санында жарық көрді.