деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Семинар барысында әскери жабдықтарды тіркеу, есеп жұмысын жүргізу, таңбалау, сақтау, тасымалдау және жоюды жүзеге асыруды ЕҚЫҰ талаптарына сәйкес жүзеге асыру мәселелері талқылауда. Семинар Қазақстанның ЕҚЫҰ-на төрағалық етуіне байланысты әскери-саяси бағыттағы жоспарлы шараларды жүзеге асыру бағытында өткізіліп отыр. Айта кетерлігі, Қазақстан ЕҚЫҰ нұсқауларын пайдалану бағытында осындай семинарды өткізіп отырған бірінші ел.
Семинарға Орталық Азия мен Кавказ елдерінің, Беларус мен Ұлыбритания, Германия, Нидерланды, АҚШ, Ресей, ЕҚЫҰ мен бірқатар халықаралық ұйымдардың әскерилері мен дипломаттары, сарапшылар қатысуда. Шараны ҚР Қорғаныс министрлігі Астанадағы ЕҚЫҰ орталығы, ЕҚЫҰ хатшылығы және Жанжалдарды болдырмау жөніндегі орталықпен бірлесіп ұйымдастырған.