деп хабарлады қала әкімінің баспасөз қызметі.
Веложүгіруге Алматы қаласының әкімі Ахметжан Есімов пен Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрі Салидат Қайырбекова қатысты.
Веложүгіру трамплиндердің Халықаралық кешенінен бастау алып, әл-Фараби даңғылынан Розыбақиев көшесіне дейін, одан әрі Абай даңғылына, содан кейін Орталық стадионға келді.
Мәреге жеткеннен соң қала әкімі Ахметжан Есімов алматылықтар мен қонақтарды алдағы Астана күнімен құттықтады. Қала басшысы веложүгірудің салауатты өмір салтын қалыптастыруға ықпал ететінін айтты.
«Бүгінгі веложүгіру Астана күніне арналған. Елордамыз өсіп, көркейіп келеді. Жас қаламыз экономикалық дамуымызға тың серпін беруде. Алматы да өз кезегінде өсіп, өркендеуде. Біздің қаламыз республиканың доноры болып табылады, ол жалпы өнімнің 20%-ын беруде. Веложүгіру нашақорлық пен наркобизнеске қарсы күрестің Халықаралық күніне де арналған. Біз - веложүгірушілер, салауатты өмір салтын жақтаушылармыз, оны нақтылы істерімізбен дәлелдеп келеміз», - деп атап өтті әкім.
Өз кезегінде Денсаулық сқтау министрі Ахметжан Есімовке веложүгіруге қатысуға шақырғаны үшін рахмет айтты.
«Мемлекет басшысы салауатты өмір салтын қалыптастыру жөнінде жиі айтады, ал Алматыда бұл іс кең қанат жайған екен. Жиі өткізіліп келе жатқан веложүгірулер салауатты өмір салтын қалыптастырудың басты бағыттарының бірі»,- деді Салидат Қайырбекова.
Веложүгіру соңында Алматы әкімі Денсаулық сақтау министріне сыйлық ретінде велосипед ұсынды және жеңімпаздарды марапаттады.