110 кВт желісі ажыратылғаннан кейін, 8 сағат 49 минутта №132 А қосалқы стансасы қайта жабдықталып, іске қосылды. Ал ПС 58 А стансасы 11 сағат 53 минутта жөнделіп, тұрғындар электр қуатын пайдалана бастады.
110 кВт электрлі желісінің қауіпті жағдайдағы ажыратылу жолдарын таратпау мен жою шаралары аясында 6-10-0,4 кВт бөлігі бойынша тұтынушылар қосылды. Орын алған оқыс оқиғаны жөнге келтіруге ҚЖЖ 4 бригадасы, жөндеу жұмыстарының 4 бригадасы, қаланың барлық диспетчерлік қызметтері, желінің эксплутациялық қызметшілері мен АЖК АҚ-ның қосалқы станса қызметі жұмылдырылды. Апаттың себебін анықтауға технологиялық тәртіп бұзушылықтар жөніндегі комиссия құрылды.
Сонымен қатар, қар аралас жаңбыр, ағаштардың құлауы сияқты ауа-райының қолайсыздығы салдарынан қаланың 6-10-0,4 кВт таралым желісі де ажыратылып, Алматы қаласының тұтынушылары электр қуатынсыз қалды. Оны қайта қалпына келтіруге 28 жөндеу бригадасы жұмылдырылды.