"Қазгидромет" РМК мониторингіне қарағанда, соңғы 3 жылда Алматыда ауаның ластану деңгейінде төмендеушілік байқалуда және бұл ағым сақталуда. Алғашқы жарты жылдықта ауаның ластану көрсеткіші 10,9-ды құрады. Биылғы жылы шілде айында "Қазгидромет" бақылауындағы ең төменгі көрсеткіш тіркелді", - дейді Ахметжан Смағұлұлы. Жалпы ауаға таралатын зиянды заттардың 80 пайызы көліктерден бөлінеді. Сондықтан қала әкімдігі коммуналдық көліктерді табиғи газбен жүруге көшіру жобасын алдағы уақытта одан ары жалғастырмақ. Сондай-ақ бұл үрдіске таксопарктер мен жеке тұлғаларды да тартуды ынталандыру мақсатында "Алматы" әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациясында арнайы тетіктер әзірленуде. Жаңадан автокөліктерге газ құю стансалары салынып, 2012 жылға дейін жеке сектордағы қатты отын пайдаланатын тұрғын үйлерді газбен қамтамасыз ету жұмысы аяқталмақ.
13:26, 17 Тамыз 2011
Алматыда ауаның ластану көрсеткіші алғашқы жартыжылдықта 10,9-ды құрады- Ахметжан Есімов
АЛМАТЫ. 17 тамыз. ҚазАқпарат /Ерлік Ержанұлы/ - Алматыда шілде айында ауаның ластану көрсеткіші (ИЗА5) 7,5 пайызды құрады. Оны қала әкімі Ахметжан Есімов бүгін "Көлік табиғи газбен - Қазақстан" деп аталатын форумда айтты.