Алматыда ауаның ластануымен күресу үшін қандай шаралар қабылданады

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматы қаласының ауасының ластануы қазіргі уақытта өзекті мәселелердің бірі. Ауаны ластаудың негізгі көздері автокөлік шығарындылары, жылу энергетикалық кешендер (ЖЭО-2,3), Алматы мен Алматы агломерациясының газдандырылмаған үйлері мен саяжайлары, өндірістік кәсіпорындар. Бұл туралы Бұл туралы қала әкімінің орынбасары Асқар Амрин айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Спикердің сөзінше, 2021 жылы залалды заттардың жалпы көлемі 127 мың тоннаға жетті. Оның ішінде 70 мың тонна – автокөліктен, 46 мың тонна – стационарлық көздерден (оның ішінде 36 мың тонна ЖЭО-2), 11 мың тонна-жеке сектордан.

«Алматы қаласын 2025 жылға дейін және орта мерзімді перспективаларды 2030 жылға дейін дамыту бағдарламасы» аясында ауаға кері әсер ететін залалды заттарды азайту және қоршаған ортаны жақсарту бойынша кезең-кезеңмен жүзеге асатын шаралар әзірленді. Алматыда 2023 жылға дейінгі даму бағдарламасына сәйкес пайдаланылған газдардың уыттылығы мен түтіндігі нормаларына сәйкестігіне автомобиль шығарындыларын өлшеуді жүргізу қағидалары қабылданады, автокөліктерге экологиялық сынып беру туралы регламент дайындалады. Құжат Еуразиялық экономикалық одақтың экомаркировка жасау жөніндегі техрегламентіне сәйкес боламақ»,- дейді қала әкімінің орынбасары.

Сонымен қатар, ол 2025 жылға дейін ауаны ластайтын залалды заттардың деңгейі төмен аймақтарға көліктің кіруін шектеу үшін автомобильдер экомаркировкаланады.

«2025 жылдың соңына дейін коммуналдық техника – дизель отынымен жұмыс жүретін 3,4 мың арнайы техника мен автобустар газғаауыстырылатын болады. Бұл залалады заттарды жылына 1 мың тоннаға азайтуға мүмкіндік береді»,- дейді спикер.

Сонымен қатар, ол Алматыда жеке тұрғын үй секторын газдандыру деңгейі 99,2%-ға жеткенін атап өтті.

« Десекте, әуе бассйенінің ластануына Алматы агломерациясы да кері әсерін тигізуде. онда магистральдық газ құбырының болмауына байланысты 82 мыңға жуық үй газдандырылмаған. «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ -ның 2022-2026 жылдарға арналған инвестициялық бағдарламасымен Алматы аумағында 23,2 км таратушы газ құбырларын салу жоспарланған, бұл 355 тұрғын үйдің желілеріне қолжетімділікті қамтамасыз етеді. Алматы 2023 жылға қарай 99,4%-ға газдандырылады»,-дейді ол.

Жалпы Алматы агломерациясында 2025 жылға дейін 42 мың жеке үйді газдандыру шығарындыларды жылына 8 мың тоннаға, ал 2030 жылға дейін қалған 40 мың үйді жылына 7,6 мың тоннаға азайтуға мүмкіндік береді.