Алматыда аударылған жүк көлігі 3 машинаны қиратты
23:53, 04 Қазан 2016
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматының Саин көшесінде қиыршық тас тиелген жүк көлігі аударылды. Бұл туралы оқиға орнындағы «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі хабарлады.
Саин көшесінде қиыршық тас тиелген қытайдың SHACMAN самосвалы аударылды. Ауыр жүк көлігі әл-Фараби бағытымен айналма жолда келе жатқан. Бастапқы болжам бойынша жол өтпесінде тежегіші істен шыққан.
Ол соққан жол таңдамайтын «Porsche Cayenne» көлігі қатты зардап шеккен. Бұдан соң «Тайота Камри-50» көлігіне зақым келтірген. «Лада грантаны» тіпті аударып тастаған.
Содан кейін ауыр машина жолдың ортасын бөлген темір қоршауды да бұзып өткен.
Сол жағына аударылған жүк көлігін қазір арнайы техника көмегімен тұрғызып жатыр.
Полиция қызметкерлері жол көлік оқиғасынан ешкім қатты зардап шекпегенін мәлім етті. Ал сол жерде жұмыс істеп жатқан жедел жәрдем қызметі екі адамның жеңіл жарақат алғанын хабарлады.