Жол апаты Қапшағай тас жолында таң алдында болған. Алдын ала мәліметтерге қарағанда, көлік иесінің досы рөлде болған. Ал иесі - ер адам мас болғандықтан, оның қасында отырған.
Мас ер адам рөлге жармаса берген соң көлік жолдан шығып, аунап кеткен. Жол апатынан көлік иесі сол жерде көз жұмса, рөлдегі ер адам жеңіл жарақат алды.
Апаттың мән-жайын полиция тексеріп жатыр.