Алматыда әуесқой командалар арасында минифутболдан турнирлер басталады

АЛМАТЫ. 19 ақпан. ҚазАқпарат /Нәзира Елеухан/ - Алматыда 20 ақпан күні «Футбол ленд» спорт кешенінде «Нұр Отан» партиясының қолдауымен әуесқой командалар арасында шағын футболдан «Футбол ленд - Қысқы Кубок - 2011» атты турнир өтеді.

Аталмыш шараның ұйымдастырушылары - «Футбол ленд» спорт кешенінің басшылары. Шараның мақсаты - халықты салауатты өмір салтын құруға, белсенді демалысты ұйымдастыруға шақыру.

Турнирге қаланың әр түрлі ұйымдарынан 15 әуесқой команда қатысады. 5 апта бойы өтетін жарыс 20 наурызда аяқталады. Турнирдің жеңімпаздары ұйымдастырушылардың Кубоктарымен және «Нұр Отан» партиясының грамоталарымен марапатталатын болады. Жарыста сонымен қатар, әділ-қазылар алқасы ең үздік деген қақпашыны, қорғаушы мен жанкүйерлерді анықтайтын болады.