Мерекелік шыршаға аудандағы мектеп интернатында тәрбиеленуші балалар, әр түрлі себептермен ата-ана қамқорынсыз қалған балалар мен әлеуметтік жағдайы нашар отбасылардың балалары қатысты. Әуезов ауданының әкімі Бекқали Торғаев балаларды келе жатқан Жаңа жыл мерекесімен құттықтап: «Әрқашан аспандарың ашық, көңілдерің шат болсын. Үздік оқып, ата-аналарыңның мақтанышы болыңдар.Тәуелсіз мемлекетіміздің өнегелі, үлкен азаматы болып өсіңдер. «Атаңның баласы болма, адамның баласы бол» деп даналарымыз айтқандай, елімізді көркейтіп, халыққа қызмет көрсетер үлкен ер азамат болыңдар!»,-деді.
Концерттік бағдарламада ертегі кейіпкерлер өз өнерлерін көрсетіп, балалар шыршаны айнала ән айтып, би биледі. Аяз Ата мен Ақшақар әкелген сыйлықтарын табыстады. Шырша балаларға арналған жаңажылдық қойылым көрсетілімімен аяқталды.