Қала әкімімен кездесуге келген Алмалы ауданының тұрғыны скверлерді қайта құру тізімінде Ганди атындағы саябақ пен Мұхтар Әуезов атындағы театрдың саябақ аумағы бар ма? Егер бар болса, жұмыс қашан басталады? деп сұрады.
«Әуезов театрының саябақ аумағындағы жұмыстар Мәдениет министрлігі театр маусымы аяқталғаннан кейін қайта құруды бастау туралы шешімінен соң тоқтатылды. Жоспарларымыз бар еді, бірақ мен жобаны уақытша тоқтаттым, өйткені егер қайта құру болса, жұмысты жалғастырудан пайда жоқ. Қайта құрудан кейін жұмысқа кірісеміз», - деді Ерболат Досаев.
Ал, Махатма Ганди атындағы саябақ 2023 жылы жөнделетін болды.
«Ганди атындағы саябаққа биыл жобаны тапсырамыз. Жөндеу жұмыстары келесі жылға жоспарланған», - деп толықтырды Алматы қаласы экология және қоршаған ортаны қорғау басқармасының басшысы міндетін атқарушы Серік Әділбаев