«12 қазанда сағат 18:12-де Алматы қалалық ТЖД-ның «101» нөміріне Медеу ауданы Черкасск қорғанысы көшесі, 13 мекен-жайында ауладағы қоражайлар өртеніп жатқаны туралы хабар түсті.
Өрт сөндіру қызметі 8 минуттан кейін оқиға орнына жетті. «Құтқарушылар оқиға орнына жеткенде жалпы аумағы 1200 текше метрді құрайтын аумақта көппәтерлі тұрғын үй, оның жанына салынған бір қабатты көппәтерлі тұрғын үй мен жанындағы бір-біріне жақын орналасқан ағаштан тұрғызылған қоражайлар өртеніп жатты. 60 адам қауіпсіз жерге шығарылды.
Қызыл жалынды сөндіру жалғасып жатыр», - деді Алматы қаласы бойынша ТЖД ресми өкілі Сандуғаш Баймұхамбетова.
Өрт сөндірушілер сағат 19:20-да отты ауыздықтады.
Қала әкімдігінің қызметкерлері келіп үйлері зардап шеккен тұрғындарды тізімге алуда. Оларды уақытша тұрақжаймен қамтамасыз ету мәселесі шешілуде.
Жергілікті тұрғындардың хабарлауынша, өрттен жоғары қабаттағы бір пәтерде қонақ бөлменің төбесі құлап түскен.
Өрт сөндірушілердің айтуынша, алау ауыздықталып, оқшауланған алайда әлі толық сөндірілмеген. Ол толық өшірілген соң ғана өрттен зардап шеккен ауданның толық көлемі белгілі болады.