Алматыда аумағы 700 шаршы метрлік қойма өртенді

АСТАНА. 29 шілде. ҚазАқпарат - Алматының Жетісу ауданында «Карина» ЖШС-нің дайын өнім қоймасы отқа оранды.

Тілсіз жау 700 шаршы метр аумақты жайпады. Абырой болғанда, адам шығыны жоқ.

Бұл туралы ҚР ТЖМ баспасөз қызметінен хабарлады.

Жалынды ауыздықтауға ҚР ТЖМ Алматы қалалық ТЖД өрт сөндіру қызметі жеке құрамының 45 маманы мен 14 техникасы тартылған.