27 қыркүйек күні сағат 16:15-те қалалық Төтенше жағдайлар департаментінің «101» пультіне өрт туралы хабар түскен.
«Бостандық ауданы Жандосов көшесіндегі 6 мекен-жайында орналасқан клиникалық аурухана түтін шыққаны туралы хабарланды. Алғашқы өрт сөндіру техникасы оқиға орнына 13 минуттан соң 16.28-де жетті.
Компьютерлік томография кабинетіне қуат беретін ғимаратта аккумлятор батареялары өртенгені анықталды. Өрт сағат 16.37-де ауыздықталып, 16.49-да толықтай өшірілді. Жалын 1.5 шаршы метрді шарпыған. Ауруханада 102 адам қауіпсіз жерге көшірілген. Оқыс оқиғадан ешкім зардап шекпеген», - деді Алматы қалалық ТЖД ресми өкілі Сандуғаш Баймұхамбетова.