Алматыда ауыл шаруашылығы жәрмеңкелері өтіп жатыр

АЛМАТЫ. 19 ақпан. ҚазАқпарат /Нәзира Елеухан/ - Бүгін Алматыда барлық алты аудан бойынша ауыл шаруашылығы тауар өнімдерінің жәрмеңкелері өтіп жатыр.

Жәрмеңкеде өз өнімдерін қала және Алматы облысының ауыл шаруашылығы тауар өндірушілері ұсынған.

Алмалы ауданындағы жәрмеңкеде 20-дан аса шаруа қожалықтары қатысуда. Олар 6-7 миллион теңге көлемінде өз өнімдерін сатуды жоспарлап отыр. Жәрмеңкедегі өнімдердің бағасы басқа базарларға қарағанда 15-20 пайызға төмен.

Шараның ұйымдастырушылары - Алматы қаласы мен Алматы облысының әкімдіктері.