АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда 8-9 қазан күні Шевченко көшесінің бойында «Ғылым ордасы» археология мұражайының алдында ауылшаруашылық өнімдерінің жәрмеңкесі өтеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Алматы облысы тауар өндірушілерінің қатысуымен өтетін ауыл шаруашылығы жәрмеңкесіне 320 тоннадан астам азық- түлік жеткізіледі.
Алматы тұрғындары мен қала қонақтарына 50 өнім түрі ұсынылады. Атап айтар болсақ, 40 тонна ет, 15 тонна сүт өнімдері, көкөніс 160 тонна, балық 13 тонна, 92 тонна өзге де өнімдер бар.
Жәрмеңкеде ұсынылатын азық-түлік бағасы нарық бағасынан 8-20 пайызға төмен болады.
Алма Мұқанова
Алма Мұқанова Т. Жүргенов атындағы өнер академиясының «Кино және Телевизия» факультетінің түлегі. Журналистика саласында 20 жылдан бері еңбек етіп келеді. Аймақтық, республикалық телеарналарда түрлі қызметтер атқарған. 2019 жылдан бері - ҚазАқпарат агенттігінің тілшісі. ҚР Журналистер одағының мүшесі.