Алматыда ауылшаруашылық өнімдері жәрмеңкелерінің маусымы ашылады

None
АЛМАТЫ. Қыркүйектің 5-і. ҚазАқпарат /Ербол Азанбек/ - Бүгін Алматыда ауылшаруашылық өнімдері жәрмеңкелерінің маусымы ашылады,

 деп хабарлайды ҚазАқпарат.

 Жәрмеңке дәстүрлі түрде қаланың барлық аудандарында қыркүйек пен мамыр айларының аралығында 2-ші жыл қатарынан өткізіліп келеді. Жәрмеңкеде ет-сүт, көкөніс, жеміс-жидек сынды ауылшаруашылық  өнімдері нарық бағасынан 15-20 пайызға төмен сатылады. Мұндағы тауарларды Алматы облысының Райымбек, Талғар, Қарасай, Жамбыл, Іле аудандарының ауылшаруашылық өнімдерін өндірушілері жеткізеді. Жәрмеңке әр сенбі, жексенбі күндері 9.00-15.00 аралығында өткізіледі. Бұл үшін арнайы орындар бөлінген.