Алматыда ауылшаруашылық тауар өндірушілерінің жәрмеңкесі өтеді
16:54, 05 Қазан 2012
АЛМАТЫ. 5 қазан. ҚазАқпарат - Алматыдағы «Астана» алаңында 6 қазан күні Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан және Солтүстік Қазақстан облыстары ауылшаруашылық тауар өндірушілерінің қатысуымен жәрмеңке өткізіледі.
Бұл туралы қала әкімінің баспасөз қызметінен хабарлайды.
Жәрмеңкеде ет-сүт, көкөніс-жеміс және басқа да ауылшаруашылық өнімдері базардағы бағалардан 15-20 пайыз төмен бағамен сатылады. Жәрмеңке сағат 09:00-ден 14:00-ге дейін жалғасады.
Оның ашылуына қала әкімі Ахметжан Есімов қатысады.