Алматыда ауылшаруашылық жәрмеңкелеріне тыйым салынды

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Алматы билігі коронавирус жұқпасына байланысты демалыста болатын жәрмеңкелерге тыйым салды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Құрметті қала тұрғындары, қауіпсіздік шараларын сақтау мақсатында карантин мерзімінде Алматыда демалыс күндері болатын жәрмеңкелер өтпейтін болды», - деді қала әкімдігінің баспасөз қызметінен.