Алматыда автобөлшектерді сақтауға және сатуға арналған 5 қабатты ғимарат отқа оранып жатыр

АСТАНА. 20 желтоқсан. ҚазАқпарат - Бүгін түнгі сағат 02.57-де Алматының Алатау ауданында автобөлшектерді сақтауға және сатуға арналған 5 қабатты ғимарат өртене бастады.

Өрттің таралуы сағат 05.34-те тоқтатылды. Жалын шарпыған аумақ 1200 шаршы метрді құрады. Қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ. Тілсіз жауды ауыздықтауға Алматы қаласы бойынша ТЖД өртке қарсы қызметінің 65 адамы мен 16 техникасы жұмылдырылуда.