Алматыда автобус ағашқа соғылып, 8 жолаушы зардап шекті

Фото: None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда Сүйінбай көшесімен келе жатқан 416-шы бағдардағы автобус апатқа ұшырап, 8 адам жарақаттанды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі оқиға орнынан.


Алматыда Сүйінбай көшесімен оңтүстік бағытпен келе жатқан 416-шы бағдардағы автобус жол шетіндегі ағашқа соғылды.


 

Автобус жүргізушісінің айтуынша, белгісіз көлік оның жолын қиып кетпек болған. Осыдан кейін, ол көлік рөліне ие бола алмай, жол жиегіндегі ағашқа соғылған. Жол апатынан 8 жолаушы зардап шеккен, оның біреуі ауыр хәлде. Автобуста барлығы 20 жолаушы болған.
   

Соңғы жаңалықтар