Алматыда автобус апатына қатысы бар жүргізушіні қамауда ұстау мерзімі ұзарды

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Алматыда автобус апатына қатысы бар жүргізушіні қамауда ұстау мерзімі келесі айға дейін ұзартылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Алматы қаласы Мамандандырылған ауданаралық тергеу сотының хабарламасы бойынша 4 қаңтарда соттың қаулысымен сотқа дейінгі тергеу органының өтініші қанағаттандырылды, сондай-ақ, А. - ға қатысты қамауда ұстау мерзімін 3 айға, яғни 9 ақпанға дейін ұзарту санкцияланды», - деп хабарлады Алматы қалалық сотының баспасөз қызметі.

Еске салайық, өткен жылы 8 қараша күні Алматыда Төле би – Абылай хан көшелерінің қиылысында екі автобус соқтығысқан болатын.

Жол апаты салдарынан 1 адам көз жұмып, 21 адам зардап шеккен.

Сондай-ақ автобус апатына қатысы бар жүргізуші қамауға алынған болатын.