Оқиға Абылай хан даңғылының бойында, Төле би көшесінің төменгі жағында болған. Нөмірі №59-ші бағытта жолаушы тасымалдайтын автобус Абылай хан даңғылы бойымен оңтүстік бағытта келе жатып, автомұнара арнайы автокөлігінің аспалы қорабына соғылған. Осы сәтте ағаш бұтақтарын кесіп тұрған жұмысшы жерге құлап, жарақат алды. Ол дер кезінде ауруханаға жеткізілді.
Қазір тәртіп сақшылары оқиға орнында апаттың орын алу себебін анықтау үстінде.