Полиция департаменті аталмыш оқиғаға қатысты түсінік берді. Қайғылы жағдай Достық пен Юбилейная көшелерінің қиылысында болған.
«Қазіргі таңда аталған оқиға ҚР ҚК 345-бабының 4-бөлімімен сотқа дейінгі тергеу ісі реестрінде тіркелді. Жол апатынан 52 жастағы ер адам және 55-60 жастағы әйел қаза тапты. Аталған іске байланысты сараптамалар тағайындалды», - деді қалалық полиция департаментінен.
13:13, 16 Сәуір 2019
Алматыда автобус екі адамды қағып өлтірді
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда жолаушылар автобусы жаяу жүргіншілер жолынан өтіп бара жатқан екі адамды қағып кетті. Екеуі де сол жерде көз жұмды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.