Оқыс оқиға бүгін түске дейін болған.
«№70 автобус жүргізушісі Розыбакиев көшесімен солтүстікке бағыт алып келе жатып, Абай көшесімен қиылыста жаяу жүргіншіні қағып кетті. Қыз бағдаршамның қызыл түсіне өтіп кетпек болған. Жүргізуші тежегішті басып үлгермеді. Жедел жәрдем қызметі шақырылды. Ақпарат анықталып жатыр», - деді «Алматыэлектротранс» ЖШС баспасөз қызметінен.
Жапа шеккен қыз орталық клиникалық ауруханаға жатқызылды.
Жағдайын дәрігерлер орташа деп бағалап отыр.