АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда №102 жолаушылар автобусы манипуляторға соғылып, төрт адам зардап шекті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Жол көлік оқиғасы Шаңырық шағын ауданында, Карқара көшесінде болды. «Foton» манипуляторы автобус бағыт алған көшенің бойында тұрды.
«1 тамыз күні сағат 17:30 шамасында «Исузу» маркалы автобус Каркара көшесімен келе жатып, Жиделі көшесінің қиылысында «Фотон» көлігімен соқтығысқан. Апат салдарынан автобустың 4 жолаушысы зардап шекті», - деп хабарлады Алматы жол полициясы.
Алма Мұқанова
Алма Мұқанова Т. Жүргенов атындағы өнер академиясының «Кино және Телевизия» факультетінің түлегі. Журналистика саласында 20 жылдан бері еңбек етіп келеді. Аймақтық, республикалық телеарналарда түрлі қызметтер атқарған. 2019 жылдан бері - ҚазАқпарат агенттігінің тілшісі. ҚР Журналистер одағының мүшесі.