Алматыда автобус пен бес жеңіл көліктің қатысуымен жол-көлік оқиғасы орын алды

None
АЛМАТЫ. 11 наурыз. ҚазАқпарат - Бүгін Алматыда автобус пен бес жеңіл көліктің қатысуымен жол-көлік оқиғасы орын алды, деп хабарлады шаһардың жол полициясы басқармасының баспасөз қызметінен.

Сағат 09.00-де қалалық ІІД-нің жедел кезекшілік пультына М. Шолохов көшесі мен С. Сейфуллин даңғылының қиылысында жол-көлік оқиғасының орын алғаны жөнінде ақпарат келіп түсті. Оқиға орнына жеткен жол полиция наряды анықтағандай, 31 жастағы жүргізуші басқарған «ПАЗ-32054» автобусы арақашықтықты сақтамаудың салдарынан алда тұрған «Субару Форестер» көлігіне барып соғылды. Ол автобустан келген соққының салдарынан «Хонда» көлігін, ары қарай тізбек бойынша «Мерседес», «Тойота» көліктерін соқты. Нәтижесінде «Нисан» көлігі «Тойота» көлігінің соққысынан зақымданды.

Жол-көлік оқиғасының нәтижесінде автобустың екі жолаушысы жарақаттар алды, жәбірленушілердің бірі, әйел адам ауруханаға жеткізілді.

Жол-көлік оқиғасының материалы толық көлемде рәсімделді, барлық жүргізушілер сау күйінде болған. Тергеу жұмыстары жүргізілуде.