«FAW маркалы автобусы Шоссейная көшесімен оңтүстікке бағыт алып келе жатып,қосалқы көшеден басты көшеге жан-жағына қарамай шығып кеткен. Автобусжүргізушісі жол қозғалысы ережесін өрескел бұзды. Соның кесірінен ол КамАЗ жүккөлігімен соқтығысты», - деді қалалық Полиция департаментінің ресми өкіліСалтанат Әзірбек.
Жол апатынан 7 адам жапа шекті. Олардың барлығы ауруханаға жеткізілді.
«Бұл дерекке қатысты Алматы қалалық Полиция департаментінің тергеубасқармасының мамандары ҚР ҚК 345-бабының 1-бөлімі бойынша сотқа дейінгіқылмыстық іс тіркеді. Сот медициналық және автотехникалық сараптама тағайындалды. Жолаушылардыңденсаулығына келтірілген зақым бағаланады. Содан соң іс материалдары сотқажіберілетін болады», - деді Салтанат Әзірбек.