Алматыда автобус пен Мерседес соқтығысты: 3 адам зардап шекті

Фото: None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат -  Алматыда жолаушылар автобусы мен жеңіл көлік соқтығысты, зардап шеккендер бар, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Жол апаты Райымбек пен Панфилов көшесінде болған.

 

23-бағдардағы автобус Райымбек даңғылымен шығысқа бағыт алып бара жатқан. Райымбек көшесімен батысқа қарай қозғалып келе жатқан Мерседес көлігі Панфилов көшесінде солға бұрылмақ болған. Сол кезде жеңіл көлік жүргізушісі автобустың өтіп кетуін күтпей, жылжи бергенде көліктер соғылып қалған. 

 

Жол апаты  салдарынан автобустың 3 жолаушысы зардап шекті.

 

Оларды жедел жәрдем ауруханаға алып кетті.

Соңғы жаңалықтар