Алматы қаласында Төле би көшесімен (Тілендиев көшесінің қиылысында) батыс бағытқа қарай кетіп бара жатқан қоғамдық көлікке жүк көлігі келіп соғылған. Куәгерлердің айтуынша, жүк көлігі арнайы автобус жолағына өтіп кетіп, автобусқа соғылған. 124-ші бағдардағы қоғамдық көлікте 7 адам зардап шекті, оларды жедел жәрдем көлігімен алып кетті.
15:59, 07 Тамыз 2017
Алматыда автобус жүк көлігімен соғылып, 7 адам зардап шекті
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда жол-көлік апатынан 7 адам зардап шекті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі оқиға орнынан.