Алматыда автобус жүргізушілері салонда жаға жыртысты

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда №48 және №16 автобус жүргізушілері ерегісіп қалды, деп хабарлайды.

Төбелестің видеосы eap_kz паблигінде жарияланған.

Жолаушылардың айтуынша, екі көлік Төле би көшесімен шығысқа қарай жарысып келе жатқан.

«Жол бойында автобустардың жүргізушілері ұрсысып келе жатты. Жұмалиев көшесіндегі аялдамаға келгенде қатты айғайласты, жаман сөз айтты. Сосын Байтұрсынов көшесіне келгенде №48 автобустан жүргізуші мен кондуктор түсе кетіп, №16 автобустың салонына кірді. Төбелес басталып кетті», - деді жолаушы Әсел Дүйсенбаева.

Оның айтуынша, жолаушылар жүргізушіні 10 минут күтуге мәжбүр болды.

Аталған жайтты «Green Bus Almaty» директоры Бауыржан Кулишев бақылауға алды.

Оқиғаның мән-жайы тексеруден кейін белгілі болады.

Публикация от Есьже, я приезжий! (@eap_kz) Авг 11 2017 в 3:59 PDT