Алматы қалалық Полиция департаменті, қоғамдық көлік жүргізушісімен жанжалдасып қалған ВАЗ көлігінің жүргізушісі ұсталғанын мәлім етті. Ол - 2004 жылы туған, Ж. есімді азамат. Жамбыл облысының тұрғыны.
Аталған дерек сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне ҚР Қылмыстық кодексінің 293-бабы - бұзақылық бойынша тіркелді.
«Қылмыстық іс бойынша өндірісті Жетісу аудандық полиция басқармасы жүргізіп жатыр. ҚР ҚПК-нің 201-бабына сәйкес тергеу мүддесіне орай өзге мәліметтер жария етуге жатпайды»,-деп хабарлады қалалық Полиция департаментінің баспасөз қызметінен.
Еске салайық, 21 сәуір кешкі сағат 19:30 шамасында Райымбек даңғылы мен Төретай көшесінің қиылысында автобус жүргізушісі мен «Жигули» көлігінің жүргізушісі арасында жанжал туындады.
Полиция өкілдерінің айтуынша, олар жолға таласқан.
Оқиға куәгерлерінің сөзінше, №50 автобус жүргізушісіне жеңіл көлікте отырған бір топ жігіт пышақпен шабуыл жасаған.
16:20, 24 Сәуір 2023
Алматыда автобус жүргізушісіне пышақ ала жүгірген күдікті ұсталды
АЛМАТЫ. ҚазАпарат- Алматы полициясы автобус жүргізушісіне пышақпен шабуыл жасаған күдіктіні ұстады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.